Ағымдағы жылдың 13 қыркүйек күні «Siberia» мейрамханасында Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Болашақ» Қауымдастығы «ӨРКЕНИЕТ: JAIYQ SMART IDEAS CLUB»  интеллектуалдық алаңы өтті.

Шараның мақсаты – сананың ашықтығы негізінде ашық, креативті, бастамашыл және белсенді азаматтардың басын қосу, бір-бірімен танысуға, өздері туралы баяндауға,  іскери тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру.

Алаңға кәсіпкер, «BulkiHouse» наубайханасының директоры Утебалиева Анара, кәсіпкер, «O’lala», «Rosh» салондарының және «NurSara» дүкенінің директоры, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Сапышева Раушан, актер, «Назар аудар» театрының мүшесі Аленов Азамат және актер, «Жаңа толқын» квн командасының мүшесі Қуанғалиев Самат спикер болды.

Шараға Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Сакошев Аян Қажимерұлы,  облымысыздың белсенді жастары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері қатысты. 

         Спикерлер қатысушылармен өз тәжірибелерімен, жеткен жетістіктерімен бөлісіп,  әрдайым ізденіс үстінде, өмірлік мақсат қоя білуге шақырды. Шара соңы «drink&talk» форматында еркін пікір алмасуға ұласты.