Отбасымен жүргізілетін психологиялық жұмыстың тиімділігі
Ағымдағы жылдың 30-қыркүйек күні жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен “Жайық таңы” ҚБ ұйымдастыруымен “Жас отбасы” жобасы аясында “Отбасымен жүргізілетін психологиялық жұмыстың тиімділігі” тақырыбында семинар- тренинг өткізілді. Семинар- тренингке жастар арасында отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге ұмтылған тұлғалармен колледж психологтары қатысты. Әлемдік деңгейдегі тренер, психология ғылымдарының магистрі Светлана Богатырева теориялық және практикалық дәрістерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.