7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді. Біздің қалада «Сити центр» ОСО-да өткізілді.
Барша халықты салауатты өмір салтымен денсаулықты жақсартуға шақыратын денсаулық күнінің тарихы сонау 1948 жылдың 7 сәуірінен басталған. Жер бетіндегі барша ұлтпен ұлысқа ортақ бұл күн өз елімізде тәуелсіздік алған жылдан бері аталып келеді.
Акция аясында қалалық емханалар мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігерлері қала тұрғындарымен қонақтарына арнап тегін медициналық кеңестер берді.
Қан қысымын өлшеп, экспресс-талдамалар (қан құрамындағы холестерин мен қант мөлшерін анықтау) жасалды, бой мен салмақ өлшеніп дұрыс тамақтану бойынша арнайы мамандар кеңес берілді.
Акция барысында спорт клубтарымен секциялар саламаттандыру бағдарламалары бойынша (фитнес, брейк-дэнс, зумба ) мастер-класстар ұйымдастырылды.