2019 жылдың 19 қазан күні “Жастар жылы” аясында Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «Жас экономист» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Қазақ және орыс лигасы бойынша өткізілген пікірсайыс турниріне Теректі, Қаратөбе, Бәйтерек, Сырым, Бөрлі аудандарының, Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің, М.Өтемісов атындағы облыстық сауықтыру мектеп интернатының, Ə.Молдағұлова атындағы №38 жалпы орта білім беретін мектеп лицейінің, №37 жалпы орта білім беретін мектебінің, №40 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысты. Турнирге қазақ және орыс лигалары бойынша 31 фракция, 62 спикер қатысты. Тартысты өткен пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша қазақ лигасынан жүлделі 1-орынды Теректі ауданы, Федеровка жалпы білім беретін мектеп оқушыларынан құралған ” Зият” фракциясы – Кульмуханова Саягүл, Оңғарбаева Аяулым иеленсе, жүлделі II- орынды Орал қаласындағы Ə.Молдағұлова атындағы №38 мектеп лицейінің оқушылары “Think about” фракциясы – Малқайдар Аружан, Қыдырбай Нұрсәт иемденді. Жүлделі III орынмен Назарбаев зияткерлік мектеп оқушыларынан құралған “07 жастары” фракциясы – Рауан Шерхан, Байболатов Рахат марапатталды. “Үздік спикер” номинациясы бойынша үздіктер көшінен Малқайда Аружан көрінсе, “Үздік төреші” аталымына Мақсотова Ләйлі лайық деп танылды. Орыс лигасы бойынша жүлделі I орынды Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларының ” Дублинское мыловарние” фракциясы – Мамбетов Даниял, Жангиров Эльдан иеленіп турнир жеңімпазы атанса, жүлделі II орынға осы мектептен келген “Қазы- қарта” фракциясы – Жеңіс Қазыбек, Шерхан Қайрат лайық деп танылды. Жүлделі III орынмен “667” фракциясы – Бақытжанов Шыңғыс, Абилова Камилла марапатталды. Аталған лига бойынша “Үздік спикер” аталымына Сатыбалдиева Алия лайық деп танылса, “Үздік төреші” Муратова Айгерим атанды. Пікірсайыс турнирінің барлық қатысушылары арнайы алғыс хаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.