2019 жылдың  26  қазан күні  Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қолдауымен  “Жарқын болашақ кепілі- жалынды жастар”  атты ашық облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді.  Қазақ және орыс лигасы бойынша өткізілген  пікірсайыс турниріне М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, Ж.Досмұхамбедов атындағы педогикалық колледжінің,  студенттері және  №38 жалпы орта білім беретін мектеп лицейінің ” Time keeper ” пікірсайыс клубының оқушылары қатысты.

  Турнирге қазақ және орыс лигасы бойынша 32 фракция, 62 спикер,  қатысты.  Тартысты өткен облыстық ашық  пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша қазақ лигасынан жүлделі  1-орынды М.Өтемісов атындағы БҚМУ

мен  Ж.Досмұхамбедов атындағы педогикалық колледжінің студенттерінен құралған ” Еріктілер” фракциясы-  Алдабергенова Асель, Нұрлан Арман  иеленсе, жүлделі II- орынды М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттерінен құралған “Eastern wind” фракциясы – Орынбаев Ақжол, Сарымсақов Айымбек  иемденді.  Жүлделі III  орынмен жоғарыда аталған университет студенті мен ” Ақиқат ” пікір-талас орталығының түлегінен құралған “Аспаннан үлкен ” фракциясы – Зинуллин Ақтілек, Тұрсынғалиев Нұрсұлтан марапатталды. Аталған лига бойынша “Үздік спикер”  номинациясымен Орынбаев Ақжол лайық деп танылса, “Үздік төреші” Қаленова Назерке  атанды.

Орыс лигасы бойынша жүлделі I  орынмен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  студенті  “Эрос” фракциясы – Иманшиева Аида  марапатталды,  Жүлделі II орынды “Тайм Кипер” пікірсайыс клубының мүшесінен құралған “Панацея”  фракциясы – Сатыбалдиева Алия иемденсе, жүлделі III орынға жоғарыда аталған университет студенттерінен құралған

” Элита” фракциясы- Лукпанов Арыстан, Муратова Айгерим лайық деп танылды.

Орыс лигасы бойынша   Усенова Лияна ” Үздік төреші “аталымымен марапатталса, Лукпанов Арыстан “Үздік спикер” атанды.

Ашық облыстық  пікірсайыс турнирінің барлық қатысушылары арнайы алғыс хаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер  дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.