2019 жылдың 18 қараша күні «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі, Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында әскери-патриоттық клуб жетекшілері мен мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Шараның мақсаты өңірімізде әскери-патриоттық клуб жұмыстарын жетілдіру, жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталды.Шара барысында әскери-патриоттық клуб жетекшілеріне жоба аясында арнайы тігілген “Жас сарбаз” әскери киімдері табысталды.