Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген республикалық пікірсайыс турнирі
ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай ұйымдастырылған республикалық пікірсайыс турнирінде еліміздің 10 аймағынан білімді және болашаққа сенімі мол жастар Ақжайық төрінде бас қосты.
Үш күн бойына созылған аламанда алқалы топта алға шығып, ой жүйріктігі мен шешендігін ұштастыра білген пікірсайысшылар қазақ лигасы бойынша Ақтөбе қаласынан келген «Ақтөбе арланс» (Отарбай Алиасқар, Бітімбай Исламбек) фракциясы I орынды иеленсе, өздерінің алғырлықтарымен Ақтөбе қаласынан келген «Ақтөбе» (Сарин Еркін, Шаңдыбай Мейірболат) фракциясы II орын жүлдегері ретінде танылды. Ал сөз саптаулары ерекшеленген «Алыстан келдік, алысқа кетеміз» (Байтенов Қуаныш, Досанова Меруерт) фракциясы III орын иегері атанды.
Турнирдің «Үздік спикері» аталымын Таубай Айсұлтан, «Үздің төреші» аталымын Жалмұқан Ерсұлтан иеленді. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Нұр» фракциясы М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректорының арнайы сыйлығымен марапатталды.
Орыс тіліндегі лига бойынша І орынды «Глашатаи» (Сейпилова Сая, Нургуатов Алпамыс) фракциясы, ІІ орынды «Авангард» фракциясы (Есеналин Роман, Кадыркулова Альбина), ал III орынды «Error 404» (Лим Мира, Жиенбаев Бақытжан) фракциясы иеленді.