Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауыменен, Жас Отбасы әлеуметтік жоба аясында 23 қараша 2019ж. «Тату отбасы» WEEKEND өтті. Барлық келген отбасылар демалыс күнін пайдалы өткізді. Дайындалған бағдарлама қызыққа толы болды, балалар шығармашылықмен айналысып, ойын ойнады, ал ата-аналар болса мамандардан кеңес ала алды.

«Сұлулық» алаңында әйелдер әдеміліктің сырын ашты және де өз қолдарымен әшекей жасауды үйренді.
«Арт алаңында» балаларшығармашылықпен айналысты
«Ойын алаңында» барлық отбасы GOOD WOOD ойынын ойнады
Психология алаңында әйел денсаулығы тақырыбы қарастырылып, армандар орындалу құпиясы ашылды.