28 қараша 2019 ж. «Бастау» коворкинг орталығында жастардың діни сауаттылығы мен рухани әлеуетін арттыруға бағытталған жоба аясында Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жайық таңы» ҚБ аудан ресурстық орталықтарының жетекшілері, теолог мамандарының қатысуымен «Жастардың деструктивті діни ағымдардың ықпалында кетіп қалудан сақтандыру» атты семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренингтің мақсаты – еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау, жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, ұлтаралық келісім мен ынтымақтастықты насихаттау, жастарды тоталитарлық секталардың ықпалында кетіп қалудан сақтандыру жолдарын талқылау.

Спикерлер:
Алина Куралай Жумкеновна – психология ғылымдарының докторы, психология сарапшысы.
Фесенко Наталья Федоровна – психология ғылымдарының докторы, психология сарапшысы.