БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрхат Ораштың мәліметіне сәйкес облыста 132 мыңнан астам жастар тұрады. Оның 88 мыңы экономикалық белсенді жастар. Еш жерде оқымайтын, жұмыс істемейтін NEET жастарының үлесі 2,7 %- ды құрап отыр. Бұл көрсеткіш соңғы үш жылда екі есеге төмендеген, және республика бойынша ең алдыңғы көрсеткіш болып табылады.Жастардың жұмыссыздық деңгейі – 3,7%. Осы жылы өңір жастарының дамуына және өзін-өзі дамытуға жағдай жасау мақсатында 4 негізгі жұмыс бағытынан тұратын Батыс Қазақстан облысы жастарын дамытудың 2020 жылға арналған жол картасы қабылданып, жүзеге асырылуда. Оған облыс әкімдігі тарапынан 3 млрд 150 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген. 2019 жылы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың көмегімен 8 мыңға жуық жастар жұмыспен қамтылған. Ағымдағы жылы басқарманың ұйымдастыруымен 34 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып оған 5000-ға жуық азаматтар қатысып, нәтижесінде 800-ден астам жас жұмысқа орналасқан. Облыстық ресурстық орталық қызметкерлері жыл бойы 7004 жасқа кеңес беріп, 506 жасты тұрақты жұмысқа және 230 жаств маусымдық жұмыстарға орналастырылыпты. Облыс бойынша 13 коворкинг орталықтары ашылған, келер жылы тағы 4 коворкинг орталықтарының ашылуы жоспарланған. Келер еріктілер жылы қарсаңында Батыс Қазақстан облысында «Qazvolunteer.kz» платформасы жасақталды. Платформаның негізгі мақсаты бірыңғай платформада құрылған жұмысқа сәйкес еріктілердің негізгі жұмыс бағытын анықтау. платформе.
«Qazvolunteer.kz» www.Qazvolunteer.kz платформасына өз қызметі мен жұмысы жөнінде жұмысберушілермен қатар еріктілерде мәлімет қалдыра алады.