Ағымдағы жылдың қыркүйек айында өңіріміздегі жастар арасында пікірсайысты дамыту мақсатында пікірсайыс курсын ашу бойынша жұмыстар жүргізілді. Шараның өтетіндігі жөнінде алдын ала хабарландыру афишасы дайындалып «zhastar-07.kz.» сайтына – http://zhastar-07.kz/archives/10052, инстаграмм әлеуметтік желісіндегі «Ақиқат пікір-талас орталының» парақшасына – https://www.instagram.com/aqiqatofficial/   жарияланып ілінді.

Алғашқы курс 20,  23, 25, 30 қыркүйек күндері, екінші айға жоспарланған курс қазан айының  11, 17, 24, 31 күндері,  үшінші айға жоспарланған курс қараша айының 14, 19, 22, 28 күндері өткізілді. Үш ай көлемінде өткізілген курстың алқашқы тобында 26, қазан айындағы курсқа 28, қараша айындағы курсқа 30 Орал қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Курс бағдарламасында пікірсайыс тарихы, формат ережелері бейнеслайд арқылы түсіндіріліп, көрсетілім ойындары жүргізілді. Сонымен қатар бүгінде білікті маман атанған, облыстық, республикалық пікірсайыс додаларында жеңімпаз, жүлдегер атанып жүрген республикалық деңгейдегі тәжірибелі пікірсайысшылар Ақерке Шайқы, Назерке Құрмағалиева, Нұрсұлтан Тұрсынғалиев, Арнұр Мақсотов, Айымбек Сарымсақов, Гүлбағым Ниязбаева, Ерсұлтан Жалмұхан т.б. тұлғалар спикер ретінді шақырылды. Курсқа қатысушылар шақырылған мамандарға сұрақтарын қойып, ашық сұхбаттасты. Спикерлер пікірсайыстың маңызын айтып, пікірталастырудың әдіс-тәсілдерімен, өз тәжірибелеріндегі қызықты сәттерімен бөлісті.  Курс барысында жастардың ұсынысымен спикерлер 1 фракция болып курсқа қатысушылар 1 фракция болып пікір таластырды. Жастар ерекше белсенділік танытып «БП әлеуметтік желінің пайдасынан зияны басымырақ деп есептейді», «БП Мектеп оқушыларына еден жуу кезекшілігін атқаруды міндеттеу керек д.е.», «БП Шетел мәдениетіне еліктеу дұрыс емес д.е.» т.б. қоғамдағы жастар арасындағы өзекті мәселелерді тақырып ретінде алып пікір таластырды. Әр ай бойынша курстың қатысушылары өз пікірлерін ортаға салып қарардың кемшіліктері мен пайдалы тұстарын, маңыздылығын айтып белсенділік танытты. Әр айдың соңғы күні курстың барлық қатысушылары курстан алған әсерлерімен бөлісті. Курсқа қатысушы барлық жастар арнайы сертификатпен марапатталды.