Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы «Болашақ» кәсіби өсім және мансап орталығы жобасы аясында жастардың өз кәсібін ашу, басқарушылық қабілеттерін дамыту сұрақтары бойынша тегін оқыту курс жұмыстарын ұйымдастырды.

Жобаның мақсаты – нәтижелі жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік беру.

Жобаны жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 21 қараша мен 5 желтоқсан аралығында «Корпоративное управление бизнесом» тақырыбындағы курс жұмыстары өтті. Курсты «Болашақ» бағдарламасының түлегі, кәсіпкер Балдахов Ұлан Ақылбекұлы жүргізді.

Курсқа жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.