“Жас отбасы” клубының қызметкерлері 10 қыркүйек 2019 ж. БҚО-ның “Ана Үйі” ҚҚ-да қиын жағдайға душар болған жас аналарға кеңес беруді ұйымдастырды. Кездесуге Орал əкімдігінің жұмыспен қамту орталығының маманы Искаков Армат Аманжолұлы қатысып, атаулы əлеуметтік көмек көрсету туралы және жұмыспен қамту мәселелері бойынша сұрақтарға жауап берді.

Жас аналарды клуб жұмысымен таныстырып, алдағы уақытта өтетін шараларды атап өттік, олар: кеңес беру, тренингтер, шеберлік сағаттар, кездесулер.