Ағымдағы жылдың 3 желтоқсан күні БҚО “STUDUNION” студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары кеңесінің биылғы жылғы қорытынды кеңесі өткізілді. “STUDUNION” студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары кеңесінің басты мақсаты – студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары кеңесінің басты мақсаты – студенттердің әлуметтік маңызды бастамаларын іске асыратын, студенттерге қатысты мәселелерді шешуге қатысатын тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші, өкілетті студенттік ұйым «STUDUNION» студенттік өзін – өзі басқару ұйымдары кеңесінің жастар жылын қорытындылау, келер волонтерлер жылын талқылау.
Кеңес барысында “STUDUNION” төрағасы Рахымғалиев Самат студенттерге 2019 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Ұйым төрағасы қызметінің мерзімі аяқталуына байланысты, “STUDUNION” кеңесінің жаңа төрағасын сайлау өтетіні хабарланды. Сонымен қатар, қатысушылар волонтерлер жылына деген ұсыныстарымен бөлісіп, талқыға салды.