Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен,Қазақстан КВН одағы БҚО филиалы және «Жастар болашағы-будущее молодежи» Жастар Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20-21 қараша күндері Орал қаласы Х.Бөкеева атындағы облыстық драма театрында «Жастар жылы» аясында өткен жастар кубогі фестивалі өтті.
Бұл фестивальге БҚО-ның аудан, қала және ауыл командалары бақ сынаған болатын. БҚО-на танымал жандардың құрамынан тұрған қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлдені Теректі ауданынан келген «Теректі тентектері» командасы иеленді.
Қатысушы командалар:
1. Еркін құрама –« Жайық»
2. Байтерек ауданы – «Белес» құрамасы
3. Жәнібек ауданы – «Тайыр тарландары» командасы
4. Еркін құрама – «Натура»
5. Теректі ауданы – «Теректі тентектері»
6. Ақжайық ауданы – «Тайпақ» құрамасы
7. Орал қаласы – «Есте сақта»