25 қараша 2019 жыл Орал қаласы Жастар мәдениет үйінде «БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы» қолдауымен, «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ БҚО филиалы, «Жастар болашағы-Будущее молодежи» ЖҚБ ұйымдастыруымен өткелі отырған “Жайдарман” Республикалық ашық лига чемпионатының финалдық бәсекесі өтті.
Қатысушы командалар Еркін құрама – «Дежавю»,БҚМУ – «Талант»,Ақсай қ. – «Квартал»,Ақжайық ауданы – «Статус» бақтарын сынап нық дайындықпен келіп көрерменге әзілді керемет кеш сыйлады.Ойын ережесіне сай үй тапсырмасына жұлдызды ойыншымен шығу талабы қойылды. Республикалық жоғары лига Ақтөбе қаласы «Фемида» командасының ойыншылары Мурзагереев Есет пен Жадырасынов Азамат, «Грант Орал» командасының капитаны Халиулин Елжан және «КазИИТУ құрамасы» командасының белді ойыншысы Қанай Нұрболат ойынады. Нәтижесінде БҚМУ – «Талант» командасы бас жүлдеге ие болып Орал Жайдарман лигасының 2019 жылғы чемпионы атанды. Командалар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.