Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай 15 желтоқсан 2019 жылы БҚО Орал қаласында (золотая чаща) мекемесінің спорт залында Жайдарманшылар арасында өткен Шағын футболдан облыстық турнирге 7 команда қатысып, кезекті турнирде өзара мықтылық байқасты.
Бұл турнир аясында жылымызды қорытындылап, жайдарманшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, достық қарым-қатынасты нығайту болып табылды. Тартысты матчтардан сүрінбей өткен екі команда ғана ақтық сынға жолдама алды. Басты кездесу Ақсай қаласының «Квартал» командасы мен Байтерек ауданының «Белес» командасы бақ сынасты. Соңғысының бабымен қатар бағы да шауып, жеңімпаз Бәйтерек ауданы Белес командасы атанды.

Қатысқан командалар:
1.Квартал Ақсай қаласы
2.Фаворит Сырым ауданы
3.Белес Бәйтерек ауданы
4.Европолис Орал қаласы
5.Талант Орал қаласы
6.Дежавю Орал қаласы
7.Жаңа толқын Орал қаласы