Халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 29 жасқа дейінгі азаматтар арасында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды.
«Дарын» жастар сыйлығы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының бастамасымен 1992 жылы тағайындалған. Әр жылдары Денис Тен, Димаш Құдайберген, Мария Мудряк, Элизабет Тұрсынбаева, Әділхан Макин және басқада азаматтар аталған сыйлықты иеленген болатын.
Ізденушілердің құжаттарын 2020 жылғы 10 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитет premiya.daryn2019@gmail.com эл. пошта арқылы қабылдайды.
Қосымша сұрақтар бойынша 8/7172/74-05-25, 8/7172/74-18-43 (8-747-388-7554) байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.

14-29 аралығындағы жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін «Елбасы медалі» ерекшелік белгісімен наградтау жөнінде толық ақпаратты сілтемесінен біле аласыздар!

Хабарландыру-объявление 20200512124928

Бланк МИОР в ГО0512124924

ҚРҮҚ қаз 20200512124932

ППРК русс 20200512124935

Список docx0512125006