«Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін «Елбасы медалі» ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары

1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) «Елбасы медалі» – осы Қағидаларда көзделген талаптарды табысты орындағаны үшін жеңімпаздарға патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін берілетін ерекшелік белгісі;
2) әкімші – он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ұйым;
3) бағдарлама – он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін іріктеу және ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шаралар;
4) орталықтар – білім беру ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және әкімші осы Қағидаларда көзделген міндеттерді іске асыру үшін айқындаған өзге де заңды тұлғалар;
5) тәлімгерлер – қатысушыларға әдістемелік қолдау көрсететін орталықтың қызметкерлері.
3. «Елбасы медалі» ерекшелік белгісінің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры болып табылады.
4. Бағдарламаны қаржыландыру республикалық, жергілікті бюджеттердің қаражатынан және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.

ПИ-48134-ПП РК каз1 ПИ-48134-ПП РК рус1 ПИ-48134-Правила каз ПИ-48134-Правила рус