Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен 2020 жылғы 6 шілде күні Елордамыздың туған күніне орай Жәңгір хан 160 мекенжайында орналасқан автоцоның автотұрағында елімізде орын алған төтенше жағдайды ескере отырып жастардың бос уақытын тиімді өткізу, сондай-ақ қазақ кино өнерін қолдау мақсатында ашық аспан астында Нұрлан Қоянбаевтың «My love is Айсұлу» фильмі байланыссыз кинокөрсетілім ретінде өткізілді. Автотұрақта өткізілген ерекше форматтағы шараға келушілер 240 автокөлікпен келіп, санитарлық нормаларды сақтай отырып, отандық фильмді тамашалап, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Кинокөрсетілімге келушілерге басты қойылған талаптар: келушілер автотұрақта белгілі қашықтықты сақтай отырып өз көліктерінен шықпай кино көру; медициналық қорғаныш маска кию; әр 20 минут сайын қолды антисептикалық сұйықпен сүртіп отыру.
Кинокөрсетілім барысында Ақжайық волонтерлері келушілерге әлемде жайылған індеттен сақтану жолдары туралы ақпараттық парақтар, маскалар мен тәттілер таратты.