2020 жылдың 16, 24, 26 маусым күндері “Ғасыр” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында Орал қаласы, Бәйтерек ауданы, Теректі ауданы жастарына арналған “Жастар және жаhандық дағдарыс”, “Зайырлы қоғамдағы жастардың келбеті”,
“Жастық шақтың қадірі”
тақырыптарында білікті теолог маман Раманкулов Асеттің қатысуымен онлайн семинар тренингтер өткізілді. Шараға жастар белсенді қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарымен бөлісіп тілектерін жеткізді!