Облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Жас дем» жастар қоғамдық бірлестігі Жайдарман ойынының ¼ ширек финалын өткізді. Шараға 1/8 ойынынан іріктеліп шыққан 8 команда қатысып, өз ара сайысқа түсті. Атап айтқанда «Моцарт», «Жайық» , «Европолис», «Элегант», «Белес» , «Дежавью», «Талант»,  «Квартал» командалары. Келесі жартылай финалға аталған командалардың ішінен іріктеліп 6 команда келесі ойынға өтті. Ал «Жайық» және «Элегант» командалары әділ-қазылар алқасының шешімімен келесі ойынға жолдама алған жоқ. Сайыста қатысушылар «Денсаулық – зор байлық» тақырыбы аясында әзілдерін ұсынды. Аталған бәйгедереспубликалық ойындардың редакторы, жайдарманшылар арасында кеңінен танымал Қасиет Кәрім редарторлық етті.

Бұл жолы да қатысушылар жайдарман – достық мекені екенін дәлелдеді.

Сахна мәдениетi мен шеберлiгi, ән мен би, сөйлеу мәнерi, ой ұшқырлығы, мимика сияқты өнер атаулының түрлi жанрларын қамтитын әзіл-қалжың шығармашыл жастардың шеберлiктерiн жетiлдiре түскенін көрсетедi. Бұл жастардың дұрыс қоғамдық пiкiр қалыптастырып, заманмен қатар даму арқылы өмiрде өз орнын дұрыс таба бiлуге баулиды деп сенеміз.