Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» корпоративтік қоры  дәстүрлі түрде өтетін «Өркениет: Jaiyq Smart Ideas Club» интеллектуалды алаңын өткізді.

Шараның мақсаты – сананың ашықтығы негізінде ашық, креативті, бастамашыл және белсенді азаматтардың басын қосу, бір-бірімен танысуға, өздері туралы баяндауға,  іскери тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру.  

Шараның спикерлері кәсіпкер, «План Б» мейрамханасының негізін қалаушысы Ильдар Биссенгалиев, самбодан әлем чемпионы Нұрбол Серіков, «Рашидов» шаруақожалығының жетекшісі, кәсіпкер  Азат Рашидов, облысымызға танымал фотограф Бахтияр Габдулов және Қазақстанда емес, сонымен қатар, ТМД елдеріне танымал әнші Mikoболды.

Алғы сөзді Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м.а. Нұрхат Ораш Серікқалиұлы сөйлеп, шараның маңыздылығын айтып өтті.

Шараның спикерлері кәсіпкерлік, саясат және жастар саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.