Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының
«Болашақ кәсіби өсім және мансап орталығы» жобасы аясында «Батыс
Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы «Кәсіп ашудың
негіздері» тақырыбында облыс жастарына арналған курс ұйымдастырды.
Мақсаты – жастардың кәсіпкерлікке деген ынтасын оятып, өз қабілетін
ашуға жәрдемдесу.
Курс барысында бизнес ашу және оны жүргізу аспектілері жайында
айтылып, кәсіпкерлік негіздері бойынша кеңестер беріліп, өңіріміздегі
маңдайалды кәсіп иелерінің еңбегінен мысалдар баяндалып отырады. «Бастау
бизнестің» мақсаттары мен міндеттері, «Бизнес-сананың психологиясы»,
«Бизнес-идеяны таңдау» сияқты тақырыптар талқыланып, егжей-тегжейлі
ұғындырылады.
Курсты «Рашидов» шаруақожалығының жетекшісі, «Каз-Тас-Бат» ЖШС
құрылтайшысы Азат Рашидов жүргізуде. Курс ағымдағы жылдың 20 қазан күні
бастау алды.