17 қазан күні БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының
қолдауымен «Жас дем» ЖҚБ ұйымдастыруымен облыстық жайдарман
сайысының жартылай финалдық ойыны ұйымдастырылды. Шараға 1/4
ойынынан іріктеліп шыққан 6 команда қатысты. Ойынға қатысқан 6
команда арасынан финалға аталған командалардың ішінен іріктеліп
«Моцарт», «Европолис», «Белес» , «Талант» және «Квартал»
командалары өтті. Дейтұрғанмен де былтырғы жылы «Талант»
командасы ойында жеңімпаз атанғандықтан, осы айналымда ойыннан
шығып қалған «Дежавью» командасына өз жолдарын ұсынды.
Нәтижесінде «Моцарт», «Европолис», «Белес», «Дежавью» және
«Квартал» командалары финалда ойын көрсететін болады.