Бүгін Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының акт залында елімізде орын алған пандемия уақытында халық игілігіне қызмет етіп, қайсарлық пен мейірімділіктің нағыз үлгісін көрсеткен волонтерларға ерекше алғыс білдіре отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық алғысы» медалі туралы» 2020 жылғы 8 маусымдағы №348 Жарлығы бойынша арнайы «Халық алғысы» медалімен марапаттау мақсатында салтанатты жиын өтті.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Рахметоллаұлы Егізбаев, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Иманқұлұлы Құлшар, Орал қаласының әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Салиева Алия Өтемісқызы қатысып, марапатталушы волонтер жастарды құттықтап, «Халық алғысы» медалі мен алғыс хаттар табыс етті.