Ағымдағы жылдың 21 қазан күні Батыс Қазақстан облысының жастар
саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облысы
бойынша «Болашақ» Қауымдастығы «Кәсіби қызметтегі жанжалдарды шешу»
тақырыбында басқарушы кадр мамандарына арналған онлайн семинар-тренинг
өткізді.
Семинар барысында жанжалдың анықтамалары, себептері, белгілері,
түрлері, функциялары, жүйке жүйесі түрінің кәсіби қызметті орындауға әсері,
жанжалдарға субъективті бейімділік, жанжалды басқару принциптері, жанжал
жағдайындағы мінез-құлық ережелері, жанжалды шешу алгоритмі, мемлекеттік
қызметтегі қақтығысын реттеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды тетік
бойынша айтылды.
Семинарды «Халықаралық құзыреттер академиясы» ЖШС директоры, ҚР
Жоғарғы Соты Жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры,
психология ғылымдарының докторы Асылбекова Лейла Өмірзаққызы жүргізді.