27 қазан күні «Жайық таңы» ҚБ ұйымдастыруымен «Жас отбасы»
жобасы аясында БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының
қолдауымен, «Бастау» коворкинг орталығында «Менің отбасым – менің
тірегім» тақырыбында Рамазановтар мен Жолдасқалиевтердің
отбасыларымен кездесу өтті.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
 Отбасылық құндылықтар
 Балаларды тәрбиелеу
 Қайын ене мен келін арасындағы сыйластық
 Туыстар арасындағы қарым-қатынас
Кездесу қонақтары өздерінің отбасылық оқиғаларын, қалай
кездескендерін, отбасылық өмірлерінде қандай қызық оқиғалар болғандығын,
кедергілерді қалай жеңгендері туралы айтып берді. 40 жылдан астам бірге

өмір сүріп келе жатқан Рамазановтар отбасының аға буынынан және 3
жылдан астам бірге отбасылық тәжірибесі бар Жолдасқалиевтер
отбасыларынан кеңестер берілді. Жолдасқалиевтер отбасы жас болса да,
отбасында, туыстарымен және достарымен қарым-қатынаста өзін қалай
дұрыс ұстау керектігін айтты, онымен қоса жастарға біраз ақыл кеңестерін
айтты.
Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, кездесуден
көптеген пайдалы ақпарат алды.
Кездесуде қызықты сұрақ қойған ең белсенді қатысушыларға
сыйлықтар (кітаптар, графин) табысталды. Қонақтар – отбасыларға гүлдер
мен естелік сыйлықтар табыс етілді (вазалар жиыны, сервиз).