19 тамыз күні «Жас отбасы» жобасы аясында БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен«Жайық таңы» ҚБ «Бақытты отбасындабақытты бала» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Спикерлер: психолог Аянгалиева АдимаДүйсенбайқызы, отбасылық кеңесші Тулегенова ГульмираТайманқызы.

Бақытты балаларбұл бақытты отбасының нәтижесі, ал бақытты балаларды тәрбиелеубіз жас ұрпақ үшін жасайалатын ең жақсы нәрсе.

Бақытадам санасындағы қанағаттанудың ең жоғарғыкүйі. Байланыс, жайлылық, қол жетімділік бар кезде ғанасезінеміз. Зерттеулерге қарағанда орта есеппен бақытты балалар бақытсыз балалардан гөрі өмірде көбірек табысқа жететіндігін көрсетті. Олар депрессияға, мазасыздыққа, мансаптық сәтсіздікке және ажырасуға аз бейім.

Бақытты балаларды тәрбиелеудің көптеген жолдары бар. Сізден тек өзіңізге уақыт бөліп, «СЕНІ» бақытты ететін іспен айналысу керек. Бұл сабырлылыққа әкеледі және тіпті шыдамсыз жағдайларды жеңуге мүмкіндік береді, ал балалар «өздерін сүюге» тек ата-аналарын бақылау арқылы үйренеді. Бақытты ата-ана бақытты балаларды тәрбиелейтіндіктен, бұл тәжірибені үнемі және басымдықпен жасау маңызды.

Бұл туралы және басқа көптеген нәрселер туралы семинар-тренингте спикерлер айтып берді және қатысушыларға көптеген пайдалы кеңестер берілді. Семинарда кері байланыс арқылы өздерін қызықтыратын сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Қатысушылар саны 22 болды.