“Ақжайық жастары” волонтерлері- М. Маметова атындағы мемориалдық музейіне экскурсия жасады.
Мақсат- мерекеге орай ерікті жастарға даңқы батырдың өмір жолы мен ерлігі насихаттау.
Сондай-ақ “Ақжайық жастары” еріктілері қала тұрғындарына «Жеңіс» лентасын және құттықтау парағын таратты.
Мамыр айындағы атаулы мерекелерге арналған іс-шаралар легі одан әрі жалғасын тапты.
9 мамыр мерекесіне арналған салтанатты іс-шара “Үш даңқты батыр қыз” алаңында өтті.
«Жас депутат» корпусының жетекшісі Мержан Завушұлы құттықтау сөз сөйлеп, лебізін жолдады.
5517 әскери бөлімшесінің оркест құрамы «Үш даңқты батыр қыз» алаңында өнер көрсетті. Сонымен қатар 5517 әскери бөлімшесінің солисті-Шынар Отарбаева рухты оятар “Әлия” әнін шырқады.
Ал «Жас сарбаз» әскери – патриоттық қозғалысының оқушылары өнер көрсетті.
Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған мерекелік іс-шара “Үш даңқты батыр қыз» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды