Кешегі болған өрт Ақжайық жастарын да алаңдатпай қоймады. Орал тұрғындары атынан Сіздермен бірге екендігімізді жеткізгім келеді. «Апат айтып келмейді», табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға зор денсаулық пен тезірек сауығуларына, қиындықты береке-бірлікпен еңсеруге тілекшіміз. Үкімет пен облыс әкімдігі тарапынан сіздерге жан-жақты қолдау мен көмек көрсетілетіні анық. Батыс жұрты да қолдарынан келген көмекті аянып қалмайды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, батыстықтар сіздермен бірге екенін тағы да еске саламыз. Қиын күндер артта қалсын! Біз сіздерге қолдау көрсетуге дайынбыз!