15 мамыр-Халықаралық отбасы күніне орай қалалық мәдениет және демалыс саябағында “Отбасы-бақыт мекені” атты фестиваль өткізілді. Мақсат-атаулы мереке күні қала халқына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау,жастар арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Мерекелік іс-шарада отбасылар арасында ән байқауы ұйымдастырылып және саябаққа келген отбасылық жұптарға тегін фотосессия жасалды. Мерекелік фестиваль “Ақжайық” және “Орал жастарының” ұйымдастыруымен жүзеге асты.Әр шаңырақтың бақыты баянды болсын!Қазақ Елінде отбасылар саны арта берсін!