🔹Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын облыс жастары еске алды.
🔹Қалалық мәдениет және демалыс саябағында, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж алаңында және қала көшелерінде еске алу митингі өткізілді.
🔹Іс-шара мақсаты-жиналған жастар бойынан патриоттық сезімді ояту. Тарихтың жан ауыртқан ақиқатын ұмытпау. Тәуелсіздік тұғырын қалаған боздақтар есімін ұлықтау.
Ж.Досмұхамедов, Ғ.Қараш көшелерінің Н.Назарбаев даңғылымен қиылысатын тұстарында арнайы ақпараттық тақтайшалар орнатылды.
🤲🏻Азаттық жолында және ашаршылық қасіретінен құрбан болған ақтаңдақтар рухына тағзым етеміз!