Бүгін, яғни 16 мамыр күні, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жанындағы ІХ алқа мәжілісі Жәнібек ауданында өтті. Шарада барлық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының басшылары қатысты. 2017 жылға арналған жұмыс жоспарының жүзеге асырылуы, Жәнібек және Сырым аудандық ЖРО-ның ақпараттық есебі, Жасыл ел жастар еңбек жасақтары және студенттік құрылыс жасақтары жұмысы, жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жоспарының орындалуы тақырыптары қозғалды. БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Сакошев Аян Қажимерұлы, Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нуршинов Кенесары Бекболатұлы және алқа мүшелері Жәнібек ауданындағы Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша арнайы жүйе арқылы тұрғын үйге ие болған отбасымен кездесу, Жәнібек ауданы жастар ресурстық орталығы, аудандық мәдениет үйімен танысты.