Жастар арасында туристік тәжірбие алмасу және шеберліктерін шыңдау мақсатында өткізілген жарыста қатысушылар өз ептіліктерін, жылдамдықтарын және төзімділіктерін көрсетті
Ауданымыздағы туризм орталығының мамандарының төрешілігімен өткен ойында командалар “Өткел” қашықтығы, “Техникалық” қашықтықтан өту, “Маятник”, “Траверс” атты бірнеше кезеңдер бойынша сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша көршілес Долин ауылының жастары барлық кезеңдерде үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды🏆
Жүлделі екінші орынды Федоровка командасы иеленсе, Подстепное ауылының жастары аз ғана ұпай айырмашылығымен үшінші орынға орналасты