ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 27 қыркүйек Еңбек күніне орай «Алғыс асыл жандарға» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Шара мақсаты: Өңір дамуына аянбай қызмет атқарып келе жатқан аға-апаларымыздың еңбегін бағалау мақсатында мерекелерімен құттықтап, алғыс білдіру және мерекелік көңіл-күй сыйлау. Әр салада қызмет атқартын кіші қызметкерлерге құрмет көрсету.
Мерекелік кеш жастар саясаты мәселелері басқарманың басшысы Дулат Бауыржанұлы және қала әкімінің орынбасары Ерлан Ерсайынұлының құттықтау сөздері мен басталып, шақыртулы қызметкерлерге алғыс хат табысталды.
Іс-шара өнер жұлдыздарының қатысуымен өткізілген көнцерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Кеш барысында жергілікті жұлдыздармен қатар, эстрада жұлдызы Ерген Айтымбетов қатысты.