БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Татуласу» кәсіби медиаторлар орталығының ұйымдастыруымен Республикалық жоғары техникалық колледж студенттерімен кездесу өткізілді.

Кездесу мақсаты психологиялық оқу-тренинг, медиация, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Кездесуге «Татуласу» орталығының мамандары : кәсіби медиатор, орталық басшысы Ракишева Алуа Гильмановна, медиатор Нұрмаханова Ұлбазар Қасымбекқызы және психолог Рахимжанова Алина Арматқызы ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізіп, сан түрлі сұрақтарға жауап берді.