БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, Қазақстан еріктілер лигасы және «Татуласу» кәсіби медиаторлар орталығының ұйымдастыруымен Орал гуманитарлық- техникалық колледж студенттерімен психологиялық тренинг өткізілді.

Кездесу мақсаты үйлесімді қарым-қатынасты нығайту, жалпы ортаға бейімдеу, кез-келген тығырықтан жол таба білу және бағыт-бағдар беру, сондай-ақ медиация жөнінде ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізу.

Кездесуге «Татуласу» орталығының мамандары : кәсіби медиатор, орталық басшысы Ракишева Алуа Гильмановна, медиатор Нұрмаханова Ұлбазар Қасымбекқызы және психолог Рахимжанова Алина Арматқызы ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізіп, сан түрлі сұрақтарға жауап берді.