Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «ҒАСЫР» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастарды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру және жастар ұйымдарымен мемлекеттік кеңесші органдармен қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында, жастар саясаты мәселері жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысы өткізілді.

Аталмыш шараға облыстық және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, ЖОО жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері, эксперттер, азаматтық институт мүшелері, бизнес өкілдері, «Орал студенттер алянсы» қоғамдық қорының мүшелері және еріктілер ұйымдарының мүшелері қатысты. Шара барысында: БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы – Ә.С.Зұлхаров: «Батыс Қазақстан облысында 2021 жылы жастар саясатының дамуы аясында атқарылған іс-шаралар жұмысы туралы», «Жайық Аманаты» ҚБ төрағасы – С.Мукашев: «Балалар үйінің түлектерімен кешенді іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы», БҚО «Жасыл ел» штабының жетекшісі – А.Н.Тапишев: «2021 жылы студенттік құрылыс жасақтары және жасыл ел бағдарламалары бойынша атқарылған жұмыстар туралы» баяндамалар оқыды. Сонымен қатар алдағы уақытта облыстық жастар саясатының дамуына үлес қосу мақсатында ұсыныстар көтеріліп, шешімдер қабылданды.
#gasyr_zhastary