Ағымдағы жылдың 27 қазан және 6 қараша күндері аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «ҒАСЫР» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық салт-дәстүрді насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндірме жұмысты ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Құрақ құрау» ұлттық өнер түрінен оқыту курсы өткізілді.

Құрақшы, ұлттық нақыштағы туындылардың авторы, @studia_tumar брендінің негізін қалаушы Дюсенбаева Светлана Баянқызы жетекшілік еткен курсқа, 14-пен 29 жас аралығындағы бұрымдылар қатысып, екі аптаға созылған курс барысында бойжеткендеріміз құрақ құрау және іс тігу өнерін үйренді. Сонымен қатар Светлана ханым аруларымызға қазақы нақыштағы ұлттық сөмкелерді тігу технологиясын таныстырып, тұрмыстық өмірдегі тігін өнерінің пайдасы туралы әпкелік ақылымен бөлісті. Курс соңында қатысушыларға «Құрақ құрау» курсын өткені жөнінде арнайы сертификаттар табысталды.

#gasyr_zhastary