Ағымдағы жылдың 5-13 қазан күндері аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі 30 жылдығы қарсаңында БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «ҒАСЫР» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық салт-дәстүрді насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндірме жұмысты ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Домбырада ойнау» ұлттық өнер түрінен оқыту курсы өткізілді. Курсқа М.Өтемісов атындағы БҚУ «Дәстүрлі музыкалық өнер – Күйші» мамандығының 4-курс студенті, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының Дәулеткерей атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің домбырашысы, Республикалық «Дала Сазы», «Тайжарыс», «Күншуақ» байқауларының «Бас жүлде» иегері, «Ақберен» байқауының «Лауреаты», Халықаралық «ӘлемТалантStart» байқауының «Бас жүлде» иегері – Байғұтты Қайрат Абайұлы жетекшілік етіп, облысымыздың 14 және 29 жас аралығындағы жастары қатысты. Курс барысында домбыра шертіп үйренуден бөлек, қазақтың ұлттық аспап өнерінің шығу тарихынан бастап бүгініне дейін талқылау жүргізіліп, домбыра аспабының құрылымдары таныстырылды. Екі аптаға созылған курс барысында жастарымыз домбырада ойнау өнерін меңгеріп қана қоймай, болашақта домбыра өнерін дәріптеуге деген ниеттері жоғары жастардың ортасын қалыптастыра білді. Курс соңында қатысушыларға домбырада ойнау курсын өткені жөнінде арнайы сертификаттар табысталды.

#gasyr_zhastary