⁠⁠⁠Ағымдағы жылдың 4 маусымы күні, Республикамыздың Рәміздерінің 25 жылдығына орай қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Менің Қазақстаным!» атты жастар акциясы өтті. Акция аясында көрермендер арасында турникке тартылудан жарыс оздырылды. Сондай-ақ, қала тұрғындарына мерекелік концерт қойылды. Қаламыздың жас өнерпаздары өз өнерлерімен тұрғындарды тәнті етті. Әртүрлі сыйлықтар ойнатылып, жалаушалар таратылды және бірнеше жарқын флешмоб ұйымдастырылды. Мерекелік акция барлық жастардың көңілінен шықты.