2017 жылдың 25 шілде күні Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі, жастар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоршаған ортаны темекі түтінінен қорғау, арнайы белгіленбеген орындарда темекі шегуге тыйым салу, жастарды мәдениеттілікке шақыру мақсатында Орал қаласының «Темір жол вокзалы» аумағында «Темекі түтінінен бос аймақ!» акциясын өткізді.
Акция аясында ғимарат аумағында темекі шегуге тыйым салуға арналған арнайы жапсырмалар жапсырылып, адамдарға жекеленген қоғамдық орындарда темекі шеккендерге салынатын айыппұл және темекінің адам ағзасына тигізер зияны туралы жазылған үлестірме материалдары таратылып түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді. Шараға БҚО IIД өкілдері, БАҚ өкілдері белсенді жастар қатысты.
Акция белсенді жастар тарапынан алдағы уақыттары да өз жалғасын тауып, мақсатқа сәйкес өз нәтижесін береді деген сенім бар.