Бүгін тамыз айының 18 күні Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Орал» студенттерінің Альянсы» -ның ұйымдастыруымен Орал теміржол вокзалында «EXPO-ға бірге!» атты акция өтті. Акция барысында еріктілер EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға жол тартқан жерлестерімізге Батыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы дайындаған халықаралық көрме аясында өткізілетін шаралар жөнінде, жол-жүру, орналасу сынды ақпараттар жазылған флаерлар таратты.