Ағымдағы жылдың 13 қыркүйек күні Орал қаласы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бизнес мүмкіндік»  атты мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған семинар өткізілді. Шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жастарға өз бизнесін ашуға қолдау көрсету, кәсіпкерлікпен айналысып, өз қызметін одан әрі қарай дамытуға қолдау көрсету болып табылады. Шараға Батыс Қазақстан облысының «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының кеңесшісі – Габбасова Асель, Батыс Қазақстан облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі  – Магзомов Дәурен, қоғамдық бірлестіктің мүшелері мен төрағалары, мүмкіндігі шектеулі жастар және БАҚ өкілдері  қатысты. Семинарда жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мәселелер қозғалды. Батыс Қазақстан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері  облыс бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен ахуалы туралы,  бизнеске көрсетілетін қолдау түрлері таныстырылды.