«Жас Отан» ЖҚ IV съезіне Батыс Қазақстан облысынан 35 делегат сайланды.
2017 жылғы қараша айында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өтетін «Жас Отан» Жастар қанатының IV съезі қарсаңында Батыс Қазақстан облыстық филиалының VІI конференциясы өткізілді. Конференцияның күн тәртібінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыс жастарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. «Жас Отан” Жастар қанаты БҚО филиалының төрағасы Н.Жолдасқалиев 2015-17 жылдары филиалдың атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Конференция жұмысына 12 аудан және Орал қаласынан сайланған делегаттар түгелдей қатысып, күн тәртібіне сәйкес облыстық Кеңестің құрамына өзгерістер енгізді. Конференцияға қатысушылар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Парламент тыңдауында ұсынылған қазақ тілінің латын графикасындағы әліпби жобасына қатысты өз ой-пікірлерін білдірді. Жастардың тың идеялары ортада талданып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Конференция соңында Астана қаласында өтетін «Жас Отан» ЖҚ IV съезіне Батыс Қазақстан облысынан 35 делегат сайланды.