21 қыркүйек күні БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы тапсырысы бойынша жастардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік жоба аясында Жәнібек ауданында «Ішкі тұрақтылық кепілі – діни сауаттылық» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. 
         Семинар жұмысына психологтар, теологтар, жастар, мектеп, колледж оқушылары мен студенттері, оқытушылар қатысты. 
Шараның мақсаты – жастарға діни ұйымдардың қызметі туралы тұсіндіру, діни экстремизмді және терроризмді алдын алу әдістерін қолдануды көрсету, экстремистік идеялардың таралуын алдын алу мәселелерін талқылау, жастардың санасында рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға ықпал ету.