30 қыркүйек 2017 жылы сағат 12-де «Сити Центр» бизнес орталығында ІІІ Қайырымдылық Гранд бал шарасын өткізу бойынша брифинг өтті. Биыл III Қайырымдылық Гранд бал шарасы «Love for all» – «Бар махаббатпен» тақырыбын ту етіп отыр. Қайырымдылық бал кешенің биылғы басты кейіпкерлері ауыр сырқатқа шалдығып, бірге жеңе білген Марлен мен Анель. Шара аясында жиналған қаржы толықтай басты кейпікерлерімізге және т.с.с қатты дертке шалдыққан жастардың дертіне шипа болуға жұмсалынатын болады. Брифингке шараның бас ұйымдастарушысы Шаримов Алпамыс Өскенбайұлы, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Сакошев Аян Қажимерұлы, «Евровидение» байқауының жеңімпазы Эльдар Гасымов және ауыр дертке шалдықса да, қиындыққа мойымай дертті жеңген қос ғашық Марлен мен Анель қатысады.
Брифингтің толық нұсқасын біздің Yоutube каналымыздан қарай аласыздар