Таза қалада жүгіреміз!
Батыс Қазақстан облысының жастары «Плоггинг» – салауатты өмір салтымен қатар экологияны сақтау жаңа трендін бастады.
Әлемде салауатты өмір салтымен қатар экологияны сақтау мақсатындағы жаңа гибрид – плоггинг танымалдылыққа ие. Бұл жүгіріп келе жатып, қоқыс жинау деген мағынаны береді.
16 маусым күні белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстанатын облыс жастары плоггингті бастады. Шараға, «Жасыл Ел» жастар жасағының сарбаздары, «Uralskrunners» белсенділері және облысымыздың белсенді жастары қатысты.
Акция облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен Шыңғырлау ауданының жастарының бастамасымен бастау алған болатын. #табиғаткросс #кроссприрода #plogginguralsk