«Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» корпоративтік қоры  «Болашақ» кәсіби өсім және мансап орталығы» жобасын жүзеге асыру жобасы аясында ағымдағы жылдың 20 шілде күні Оқушылар және жастар сарайында семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингты өткізу үшін сертификатталған бизнес-тренер, менеджмент саласындағы сарапшы Ерлан Мұстафин арнайы шақырылды.

Аталған жобаның негізгі мақсаты – облысымыздың жас басқарушы кадрларын еліміздің үздік мамандарымен кездестіру арқылы олардың кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады.

Семинар-тренингке аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары қатыстырылды.